Атырау, 26 желтоқсан 01:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Қаржы полициясы: Атырау облысы бойынша ақпарат

10 533 просмотра

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі М. Жұманбайдың мәлімдемесі 

 

Қаржы полициясы агенттігінің тергеу-жедел тобымен Атырау облысы әкімшілігінің лауазымды тұлғаларымен және мердігерлік ұйымдардың басшыларымен жасалған мемлекетке жалпы мөлшері 16 млрд.теңгеден астам залал келтірген сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша қозғалған 13 қылмыстық іс тергеліп жатқандығын хабарлаған болатынбыз. Аталған қылмыстарды жасады деген айыппен Атырау облысы әкімшілігінің 4 лауазымды тұлғасы қамауға, 1 – үй қамауына алынды, мердігерлік ұйымдардың 2 басшысы қамауға алынды, 1 – үй қамауында, 5 адам іздеуге жарияланды. 

Оған қоса, жалпы құны 200 млн.теңге болатын 9 пәтерге жеке меншік құқығын алаяқтық жолмен иемденіп алды деген айыппен Аманжан Рысқали іздеуге жарияланды. Агенттіктің тергеу-жедел тобымен 2-8 қазан аралығында бюджет қаражатын ұрлау, лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану және жалғанкәсіпкерлік фактілері бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды. Мәселен, 2 қазанда Атырау қаласы әкімшілігінің лауазымды тұлғаларына қатысты «Daewoo BS 090» маркасының 50 автобусын, мемлекетке 31 млн.теңге залал келтіре отырып, төмен бағамен жалға беру фактісі бойынша және сондай-ақ осы автобустар құнының 126,3 млн.теңге болуына қарамастан, 31 млн.теңгеге заңсыз жекешелендіру фактісі бойынша 2 қылмыстық іс қозғалды. 3 қазанда Атырау облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, «ОблТасЖол» КМК мен «Курылыс Кызмет-S» ЖШС-нің лауазымды тұлғаларына қатысты Атырау қаласында Жайық өзеніне 2 көпірді салуға бөлінген 7,7 млрд.теңге бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы күні Атырау облысы әкімшілігінің лауазымды тұлғаларына және Р.Альбақасов пен А. Рысқалиге қатысты Құрманғазы ауданын газификациялауға бөлінген 176 млн.теңге бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 5 қазанда «Жайық Балық» МКК үшін теңіз құрал-жабдықтарын сатып алуға бөлінген 916 млн.теңге бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 6 қазанда Атырау қаласы Құрылыс бөлімінің және «Тур-Ар Строй» ЖШС-нің лауазымды тұлғаларына қатысты Атырау қаласында коммуналдық тұрғын үйлерді салу кезінде 240 млн.теңге бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 8 қазанда Павличенко, Корицкий, Жаназаров және  Кадирченовке қатысты 2 қылмыстық іс қозғалды. 

Оларға «Aтырау Build Construction Companу» ЖШС және «Строительно-монтажные работы-Комфот» ЖШС жалған кәсіпорындары арқылы контрагенттерге салық төлеуден жалтару бойынша қызмет жасаған деген сезік тағылып отыр. Олардың қызметінен төленбеген салық түріндегі залал 3,7 млрд.теңгені құрады. Қаржы полициясы органдарымен мемлекетке келтірілген залалды өтеуге бағытталған жұмыс атқарылуда. Бүгінгі күні кәсіпкерлер заңсыз жекешелендірген 13 объектіні мемлекетке өз еріктерімен қайтару туралы келісім-шартқа қол қойды, олардың қатарында Атырау қаласы мен облыстың 6 ауданыныдағы газбен қамтамасыз ету объектілері, кәсіорындар, әкімшілік ғимараттар, автотранспорт және өзге де арнайытехника бар. Мемлекет меншігіне қайтарылған мүліктің құны 20 млрд. 960 млн.теңгені құрады. Бұдан бөлек, әрі қарай залалды өтеу мақсатынды тергеу-жедел тобымен мүліктің 208 түріне тыйым салынды. Олардың қатарында:
- 45 жер учаскесі;
- 50 бірінші және екінші кезектегі объектілер (әкімшілік ғимараттар, тұрғын үйлер, кеңсе ғимараттары мен пәтерлер);
- 5 коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлестері;
- 10 транспорттық құрал;
- 90 бірлік құрал-жабдық;
- жалпы соммасы 690 млн.теңгені құрайтын 8 банкілік есеп-шот.
Айыпталушыларға тиісті мүлікті анықтау жұмысы жалғастырылуда. Қылмыстық істер тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.
  

12 қазан 2012, 09:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.