Атырау, 24 маусым 23:00
Таңертең бұлтты+36, күндіз +34
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 377.18  € 426.14  P 5.98

Түркістан облысының бас сәулетшісі пара алғаны үшін сотталды

13 маусым 17:01


Түркістан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Рахмет Бектаев пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап.

Түркістан облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Рахмет Бектаев және осы мекеменің бөлім басшысы Т. Тасболат, сондай-ақ «Сұңқар Building» ЖШС басшысының орынбасары А. Ботановқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. «Лауазымды тұлғалар «KazGeoStandart» ЖШС ізденіс жұмыстарын жүргізуге лицензия беру үшін А. Ботанов арқылы 380 мың теңге сомасында пара алған. Рахмет Бектаев сондай-ақ қарамағындағы бағыныштылардан сыйлық төлемдерін жинауды іске асырған, үлестес тұлғалар арқылы кәсіпкерлік қызметке қатысқан» делінген хабарламада.

7 маусымда Түркістан қаласы сотының үкімімен Бектаев және Тасболат сыбайлас жемқорлық жасауда кінәлі деп танылып, 13,3 млн теңге айыппұл төлейтін болды. Ботанов парақорлықта делдал болғаны үшін 1,9 млн теңге айыппұл төлейді. Сотталғандар мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында еңбек ету құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот үкім заңды күшіне енген күннен бастап 2 ай ішінде айыппұл төлеу мерзімін белгіледі. Ауыр қылмыс үшін айыппұл төлемеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. 

Дереккөз: inform.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

253 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4