AZATTYQ.ORG. «Америка мен Иран арасында не болып жатыр?» - Америка Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімнен шыққанына бір жыл толғанда Вашингтон мен Тегеран арасындағы тартыс ұлғая түсті.
«Полиция белсенділерді ғана емес, құқық қорғаушыларды да себепсіз әкетеді» - Алматы қалалық полиция департаментін сотқа берген құқық қорғаушы Ерлан Қалиев Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстандағы адам құқығының ахуалы, наразылық акцияларына байланысты соңғы кезде қалыптасқан тенденциялар мен оның себептері туралы айтты. "Қазақстандағы жиын бостандығы" жобасы үйлестірушісі Қазақстан азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні мойындағанымен, іс жүзінде азаматтарының құқықтарын жиі бұзады дейді.
«Баспасөзге шолу: жарқыраған форум, наразылық "көлеңкесі” және Тоқаевқа түсер “салмақ”» - Осы аптада әлемдік баспасөз Нұр-Сұлтанда өткен халықаралық жиын мен елдің шынайы әлеуметтік-экономикалық ахуалы арасындағы контрасты талқылады. Сайлаудан кейінгі Қазақстанның болашағына көз жүгірткен халықаралық БАҚ қордаланған әлеуметтік-экономикалық мәселелер президентке “көп проблема тудырмақ, Ресей мен Қытай арасында тепе-теңдікті ұстап тұру да қиынға соқпақ” деп болжайды.
«”Шындыққа тіке қарайық". Брюс Панниермен сұхбат» - Брюс Панниер - 1980 жылдың ортасынан бастап Орталық Азияны зерттеп жүрген сарапшы. Ол Азаттық тілшісіне берген сұхбатында Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы, қоғамдық белсенділік пен елдің болашағы туралы ойларымен бөлісті.
«Қазақстан мен Қытай не үшін бірігіп фильм түсірді?» - Азаттық блогері Төлеген Байтукенов Қазақстан мен Қытай бірігіп түсірген "Композитор" фильмі жайлы ой-пікірімен бөліседі. Қытайда жуырда прокатқа шыққан фильм бұған дейін Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай басшысы Си Цзиньпинге көрсетілген.
365INFO.KZ «Шетел киносын қазақшаға кімдер аударады?» - Жыл басында елімізде «Кинематография туралы» заң қабылданып, Қазақстан аумағындағы кинозалдарда фильмдердің прокаты және көрсетілімі қазақ тіліне аударылуы керек немесе субтитрлары болуы қажет екені нақтыланған. Заң қаншалықты орындалып жатыр? Және субтитрлар сапасы сын көтере ме?
«Ұялы байланыс абоненттерінің саны қысқарып келеді» - Телекоммуникация нарығы кірісінің өсуі аясында (бір жылғы өсім — 5,5%) ұялы байланыс қызметтерінің көлемі 6,4%-ға қысқарды.
ABAI.KZ. «167 млрд доллар. Бұл – оффшордағы ақша. Бұл – ұрланған ақша» - 167 миллиард доллар. Бұл – Қазақстаннан заңсыз шығарылған қаражат. Бұл – оффшордағы ақша. Бұл – ұрланған ақша. Бұл – біздегі бай-бағланның, шенді-шекпендінің бізден тығып қойған ақшасы. Анығында – біздің елдің бюджетіне тиесілі ақша.
«Қажыгелдин және Рысқалиевпен кездесу немесе өліара шақта таңдау жасауға бола ма?» - Парижге мен де бардым. Шақырған оппозицияның шетелдік бюросы. Демократиялы, еркін елде тұрамыз, сондықтан бірден келістім. Бізде оппозиция өкілдерімен кездесуге, кеңесуге болмайды, олардың үстіне жара шыққан, жүзі қара деген де заң жоқ.
INFORMBURO.KZ. «Малайзияға саяxат. Нені ескеру қажет? Қанша қаржы кетеді?» - Еңбек демалысын алып, ел аралауды жоспарлап жүргем. Айналасы бір айдың ішінде Куала-Лумпурда қыстау туралы шешім шығарып, тартып тұрдым.
«Мардымсыз алимент. Қашгқын әке. Заң осал ма әлде сот орындаушылары құлықсыз ба?» - Алимент мәселесі Қазақстанда отбасы ішіліктен мемлекеттік деңгейдегі проблемаға айналды. Тек биылдың бірінші тоқсанында 451 алимент төлеушіге іздеу жариялған.