AZATTYQ.ORG. «Кандидаттың қанша бақылаушысы бар?» - Қазақстан президенті сайлауына екі аптадан сәл артық уақыт қалды. Кандидаттардың сайлауалды штабындағылар бәсекелестердің үгіт-насихат науқанына мониторинг жүргізу немесе дауыс беру күні сайлау учаскелеріне қанша бақылаушы жіберетіні жайлы нақты ештеңе айта алмады.
«Жоғарғы сот қаулысы: баспасөзді қорғау ұйымы өкілдерінің күдігі мен үміті» - Баспасөзді қорғау ұйымдары журналистер сотқа тартылған жағдайда судьялар басшылыққа алатын жоғарғы соттың "Ар-намыс, қадір-қасиет пен іскерлік беделді қорғау" туралы қаулысын өзгерту қажет дейді. Бұрынғы қаулыға байланысты журналистер мен ақпарат құралдарының көп мәселеге кез болғанын алға тартқан заңгерлер “жоғарғы соттың жаңа қаулыны журналистік қауым өкілдерімен талқылауы өте маңызды” дейді. Жоғарғы сот жоба жыл соңына дейін талқыланатынын айтады.
«Huawei мен Google тартысы қазақстандық қолданушыларға қалай әсер етеді?» - Google интернет компаниясы қытайлық Huawei корпорациясымен әріптестігін тоқтатып, Android бағдарламасын жаңарту мүмкіндігін шектеді. Қазақстанда Huawei смартфоны бар тұрғындарға бұл қалай әсер етпек? Азаттық зерттеп көрді.
«Сайлау алдында оппозиция біріге ала ма?» - AzattyqLIVE тікелей эфирінде "Ақиқат" ЖСДП партиясы төрағасының орынбасары Тазабек Сәмбетбай мен журналист-жазушы Мырзан Кенжебай Қазақстандағы оппозициялық ұйымдар мен саяси науқан – президент сайлауы алдындағы жағдайды талқылап, пікір таластырды.
CAMONITOR.KZ. «Әміржан Қосанов өзін өзі жазалайын деп жүрген жоқ па?» - ҚР президенттігіне кандидаттардың бірі Әміржан Қосанов өзінің сайлауалды тұғырнамасына «Қоғамдық сананы толықтай декоммунистендіру және десоветтендіру» деген тармақты енгізді. Бұл қазақ ұлтшылдарына да, либералды көзқарастары бар адамдарға да айтарлықтай танымал және өте өзекті ұран болып табылады. Яғни, бұл ұран саясаткерге қазақстандық электораттың осы екі сегментінің де өкілдерінің дауыстарын әкелуге қабілетті.
«Неліктен Қазақстан коммунистері өз идеалдарынан «ұялады»?» - Сайлау – кез келген елдің өміріндегі ең ғажайып кезеңі болып табылады. Бұл тек комиктер кәсіби саясаткерлерге ғана емес, сондай-ақ, керісінше, кәсіби саясаткерлер комиктерге айналатын уақыт. Екіншісі, әрине, жиірек кездесіп тұрады, бірақ сәттің барлық кереметі дәл осында шоғырланған. Ал биылғы президенттік жарыс кезінде халық коммунистері бізге оны толық көлемде сезінуге мүмкіндік беріп отыр.