AZATTYQ.ORG. «Сайлауға бойкот жариялаған ЖСДП басшысы ауысты» - Сәуірдің 26-сы күні Алматы қаласында өткен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының 14-съезінде негізінен партияның алдағы президент сайлауына қатысу-қатыспау мәселесі қаралды. Партияның саяси кеңесі журналист Ермұрат Бапиды сайлауға үміткер ретінде ұсынғанмен делегаттардың басым бөлігі сайлауға қатыспай, бойкот жариялауды қолдады. Құрылтай соңында партия жетекшісі болып Ермұрат Бапи сайланды.
«Билікшіл партия Жамбыл Ахметбековті президенттікке екінші рет ұсынды» - Билікшіл ҚКХП кезектен тыс президент сайлауына мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбековті үміткер ретінде ұсынды. Ол 2011 жылы да ерте президент сайлауына осы ұйымнан түсіп, 1,36 пайыз дауыс алған.
«Мәскеу Пхеньянға "халықаралық кепілдік" сұрады» - Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік Кореяның жетекшісі Ким Чен Ынмен алғаш рет жүзбе-жүз кездескен соң Пхеньянға ядролық бағдарламасын аяқтамай тұрып халықаралық кепілдік берілуі керектігін айтты.
«"Ауыл" бұрынғы вице-министрді кандидат ретінде ұсынды» - "Ауыл" партиясы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Төлеутай Рақымбековті үміткер ретінде ұсынды. Оның мемлекеттік қызметте ұзақ жыл тәжірибесі бар.
«Билік журналистерге кедергі жасаудың технологиясын өзгертті» - "Әділ сөз" баспасөз қорғау қорының сарапшысы Ғалия Әженова Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстанда қандай тақырыптарды жазуға тыйым салынатынын айтты. Ол сәуірдің ортасында Венада өткен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының "Журналистерге шабуыл: БАҚ жұмысына төнген қауіп" атты конференцияға қатысты. Жиында Әженова Қазақстандағы журналистерге жасалатын қысым, тілшілер үстінен қозғалған соттар туралы айтқан.
ABAI.KZ. «Ақорда идеологтарын нағыз сынақ күтіп тұр» - Соңғы екі-үш ай көлемінде елдегі саяси ахуалдың қызуы көтеріліп кетті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кенеттен президенттік өкілеттігін тоқтатып, «Ел тізгінін саясаткерлердің жаңа буынына беретін кез жетті» деп мәлімдеуі қоғамда дүмпу туғызды. Бұл жұрт күтпеген қадам Қазақстанда ғана емес, алыс-жақын шетелдерде сан алуан болжамдар мен жорамалдарға негіз болды.
«Украина Радасы: "Қош бол, орыс тілі!"» - Орысша тілдік ахуалдан арылудың жаңа жолын таңдаған Украина үш жылға созылға айтыс-тартыстан кейін 25 сәуірде Киевте 2082 түрлі өзгерту енгізілген құжатты екінші оқылымда 278 халық қалаулысының қолдауымен "Украин тілінің мемлекеттік тіл ретінде өз қызметін атқаруы туралы» Заңын қабылданды.
«Ақжайықтың “Ақ шағаласы” һәм қазақ тілі» - Ақжайықтың «Ақ шағаласы» атанған қоғам қайраткерін оқырман қауымға таныстырып жатудың өзі артық. Әңгiме аппақ келбетiмен ғана емес, жүрекжарды жырларымен, тiптi, өзiнiң есiмiмен ерекшеленiп тұратын ақын Ақұштап Бақтыгереева жайлы болып отыр.