Бұрын осы лауазымды атқарған Ернат СЫБАНҚҰЛОВ ҚР бас көлік прокуроры болды. Расталған ақпарат көздерінің мәліметі бойынша, бүгін облыстық прокуратура қызметкерлері жаңа басшыны – Халидолла ДӘУЕШОВТІ таныстырды.
55 жастағы Дәуешов – Атырау облысының тумасы. Еңбек жолын Атырау қалалық прокуратурасында тағылымгер болып бастаған. 2004-2010 жылдары – Жылыой және Мақат аудандарының прокуроры, 2010-2012 жылдары Атырау қаласының прокуроры, содан кейін Жамбыл облысы прокурорының орынбасары болды. Осы тағайындауға дейін Қызылорда облысының прокуроры болып жұмыс істеді.
Фархат ӘБІЛОВ
Суретті түсірген Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА