Атырау, 19 желтоқсан 00:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Жоғары қолбасшылықтың президенттік резерві кім үшін құрылмақ?», «Ресей Қазақстанды АЭС салуға көндіре ала ма?», «Бір жарым жылдан соң қайталанған көлік кептелісі», «Қазақтар Америкалық еврейлерден нені үйрене алады?».

2 643 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Жоғары қолбасшылықтың президенттік резерві кім үшін құрылмақ?» - Үкімет қарулы күштер жоғары қолбасшылығының президенттік резервін құру туралы жарлық жобасын әзірледі. Оған сәйкес әскери қызметкерлер арасынан арнайы топ жасақталып, кейін оның мүшелерін жоғары қолбасшылықтағы қызметтерге ұсыну жоспарланған. Сарапшылар бастаманың қағаз жүзіндегі нұсқасын құптағанмен идеяның сәтті жүзеге асырылатынына күмәнданады.

«Ресей Қазақстанды АЭС салуға көндіре ала ма?» - Ресей президенті Қазақстанда ұзақ уақыт дауға айналған АЭС салу тақырыбын қайта қозғап, құрылысқа жәрдем беруге әзір екенін мәлімдеді.

«Бір жарым жылдан соң қайталанған көлік кептелісі» - Қырғызстанның "Ақ тілек автожол" (Қазақстан жағынан - Жамбыл облысындағы "Қарасу") бақылау өткізу бекетінде соңғы күндері кедендегі тексеріске байланысты екі жүзден астам жүк көлігі бөгеліп тұр. 

QAZAQTIMES.COM. «Ұларбек Дәлейұлы: Біз кеш қалдық-ау, осы...» - Қытай билігі жақында «Қатаң соққы беру қозғалысы» (严打革命) және «Қарақолдарды сыпырып, зорекерлерді жоғалту» ұраны (扫黑除恶) аясында қатаң шаралар қабылдап, «қоғамды одан әрі тазалау» жұмысын бастап кетті. Қытай сайттарын ақтарсаңыз, небір сұмдықтарға кез боласыз. 

INFORMBURO.KZ. «Қазақтар Америкалық еврейлерден нені үйрене алады?» - АҚШ-та 5,3 миллион немесе әлемдегі бар еврейдің 40 пайызы тұрады. Соның 2 миллионы Нью-Йорк штатында, ал оның ішіндегі 1,3 миллионы (қала халқының 13 пайызы) Нью-Йорк қаласында шоғырланған.

TURKYSTAN.KZ. «Болонның берері не, қиындығы қандай?» - Бүгінгі қазақ ғылымының дамуы туралы сөз бола қалса, айтылмай қалмайтын әңгіменің бірі – Болон үдерісі.

AIKYN.KZ. «Әлеужеліде әркім отыр, әкім де отыр…» - Әкімдердің әлеуметтік желіге жаппай тіркелуін әлеумет әрқалай қабылдады. Бірі жөн десе, екіншісі әлеужеліден басқа жерде де өмір бар еді дейді. Әкім-қаралардың өз аккануттарын өздері жүргізетініне күмәнмен қарайтындар да бар. Қалай десек те, әкімдер шоғыры әлеужеліге бас сұқты. Әрине, бұған дейін де желі арқылы халықпен жұмыс істеген әкім-қаралар болды. Желідегі жұрт үшін кейін қосылғандарға қарағанда, солардың сүйкімі жоғары. 


8 сәуір 2019, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.