AZATTYQ.ORG. «Путин Бішкекке бір күндік сапармен келді» - Ресей президенті Владимир Путин Бішкекке мемлекеттік сапармен келді. Қырғыз ресмилері Путин сапары кезінде екі ел арасында отызға жуық құжатқа қол қою жоспарланғанын айтады. Олардың арасында Ресейдің Қырғызстандағы әскери базасы жайлы хаттама да бар.
«Назарбаевтың ұзаққа созылған билігінің көлеңкелі тұсы» - Нұрсұлтан Назарбаевтың 30 жылға жуық билігі кезінде Қазақстан энергетикалық ресурстарының байлығы арқасында әжептәуір экономикалық табысқа жетті. Бірақ сонымен бірге демократияға жат басқару, оппозиция жетекшілерінің, белсенділер мен журналистердің күмәнді қазасы, оларды қудалап, түрмеге жабумен де ерекшеленді.
«Егемен Қазақcтан СССР-ді қайтіп сақтап қалмақ болды?» - «Қазақ ССР-інің егемендігі жайлы» декларация қабылдағанына бес ай толмай жатып Қазақстан 1991 жылғы наурыз референдумында СССР-ді сақтап қалуды қолдады. Сол кездегі билік «референдумсыз да Одақты қолдаймыз» деген ұстанымда болса, ресми баспасөз «иә» дегенді қалдырып, «жоқ» дегенді сызып тастайық, ағайын» деп ұрандатты.
«Ділдә байғұстың не жазығы бар еді?» - Тек, ақсүйек бидің тұқымы Ділдәнің ыңғайымен қайын жұрты Әйгерімді «тоқал» деп кемсітіп атаған екен. Сонда, шынымен-ақ, Ділдә – бөки, Әйгерім періште жан болған ба?
QAMSHY.KZ. «"Бюджет көтермейді..." Ми-8 неге апатқа ұшырай береді?» - Кеше Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырап, 13 адам опат болды.
INFORMBURO.KZ. «Түйіндемені қалай дұрыс толтыру керек? Кәсіпкерлер мен HR-мамандардан 10 кеңес» - Мақалада бірде бір басшының назарынан тыс қалмайтын түйіндемені рәсімдеу құпияларымен бөлісеміз.
«Қазақтың қойы мен түйесінің жүнінің қызығын Қытай көріп жатыр. Неге өзіміздегі барды өзіміз жарата алмаймыз?» - Шаруалар жүнін өткізе алмайды. Ал фабрика басшылары шикізат жоқ, шығынға батып отырмыз дейді. Қолөнершілер болса сапалы жүнді шетелден тасуға мәжбүр. Неге?
«Өз жерінде өгей баланың күйін кешу немесе "жаман үйдің" балалары» - Соңғы әлеуметтік зерттеулерге жүгінсек, қазақ жастарының 40 пайыздан астамы шетелге біржолата кетуді армандайды екен.