Атырау, 12 қаңтар 08:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

"Экипаж мүшелері қаза тапты" - Тоқаев

2 190 рет қаралды


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысындағы тікұшақ апатына қатысты пікір білдірді. Мемлекет басшысы экипаж мүшелерінің қаза болғанын хабарлап, олардың жақындарына көңіл айтты.

Бұл туралы ақпаратты Қазақстан көшбасшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында хабардар еткен.

"Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігінің тікұшағы апатқа ұшырады. Әскери жаттығу кезінде Ақтау-Шымкент бағытында ұшқан. Өкінішке қарай, экипаж мүшелері қаза тапты. Тергеу жұмыстары жүргізіледі. Қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтамын. Отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі", - деп жазды президент.

Еске сала кетейік, 27 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында бортында 13 адам бар тікұшақтың апатқа ұшырғаны хабарланды.

27 наурыз 2019, 22:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.