Атырау, 22 желтоқсан 11:42
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Нұр-Сұлтанда болған жол апатынан зардап шеккен әйел аяғынан айырылды

Бейнежазба
2 477 рет қаралды


Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов пен денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жол апатынан зардап шеккендерге барып қайтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Әкім мен министр қалалық № 2 көпсалалы ауруханаға барды. Клиниканың бас дәрігері Иван Лидің айтуынша, қазіргі уақытта стационарда зардап шеккен 13 адам жатыр. Олардың сегізінің жағдайы - орташа ауыр. Барлығы травматология бөлімінде жатыр, екі адам кеуде бөлігінің хирургиясы бөлімінде жатыр. Тағы үшеуі жансақтау бөлімінде. 

"Кеше бес ота жасадық. Өте күрделі оталар жасалды: ішіне қан кетуді тоқтаттық, біреуінің аяғын кесіп тастадық. Өкінішке қарай, зардап шеккен әйелдің аяғын аман алып қалу мүмкін болмады", - деді Ли.

Дәрігер кейбір науқастардың әлі ұзақ уақыт ем алатынын айтты. Бірақ кейбіреулері 7-10 күннен кейін ауруханадан шығарылады екен. 

Еске салайық, кеше, 26 наурызда Қабанбай даңғылы мен Ұлы Дала көшесі қиылысқан тұста жол-көлік оқиғасы бодды. Онда үш автобус пен жеңіл автокөліктер соқтығысқан. Қала маңынан жүретін № 303 автобус №12 бағыттағы қоғамдық көлікті соққан. Кейінірек № 53 автобусқа және жедел жәрдем каретасына соқтығысқан.



Дереккөз: tengrinews.kz

27 наурыз 2019, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.