Атырау, 22 желтоқсан 13:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Елордадан Токиоға тікелей рейстер ашылады

1 750 рет қаралды


ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті «Эйр Астананы» Нұр-Сұлтан – Токио – Нұр-Сұлтан бағытындағы рейстерді орындауға бекітті, деп хабарлайды Елорда Инфо Комитеттің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2019 жылдың 30 қаңтарында өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті «Эйр Астана» әуе компаниясын Нұр-Сұлтан – Токио – Нұр-Сұлтан бағытындағы тұрақты рейстерді орындау үшін Қазақстан Республикасының әуе тасымалдаушысы ретінде бекітілді», - делінген хабарламада.

Қазақстан мен Жапония аралығындағы тікелей рейстерді ашудың құқықтық негізі 2016 жылдың қараша айында қалыптасқан болатын. Оған сәйкес, Қазақстан мен Жапония әуе компанияларының әр тараптан аптасына 14 рейске дейін орындау мүмкіндігі бар.

2019 жылдың екінші жартысында «Эйр Астана» әуе компаниясы Токиоға тікелей рейстер ашуды жоспарлап отыр. Ұшу жиілігі аптасына 2 рейс Boeing 767 ұшағымен орындалады.

Дереккөз: Елорда Инфо

27 наурыз 2019, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.