Атырау, 1 наурыз 05:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44

"Қазпоштаның" 300 миллион теңгесін қолды еткендер бір айдан соң ұсталды

Бейнежазба
1 552 рет қаралды


Полиция Алматы облысы Жаркент қаласындағы "Қазпошта" АҚ-ның бөлімшесіне жасалған қарақшылық шабуылды ашты, деп мәлімдеді Қазақстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Пошта бөлімшесінен 24 ақпанда 300 миллион теңге ақша ұрланған болатын.

Қылмыскерлерді анықтау жұмыстары өңірдің барлық полиция күштері жұмылдырылды. Нәтижесінде қылмысты жасады деген күдікпен Жаркент қаласының екі тұрғыны ұсталды. Ұрланған ақша күдіктілердің біреуінің үйіндегі арнайы жабдықталған құпия жерден және шаруашылық үй-жайдан табылды. Аталған факті бойынша тергеп-тексеру жұмыстары ІІМ-нің бақылауына алынған.


Дереккөз: sputniknews.kz

 

26 наурыз 2019, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.