Атырау, 26 қаңтар 21:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.35
€ 590.63
₽ 6.62

Елорда әкімдігі маңдайшасындағы жазу өзгертілді

2 143 рет қаралды


Елорда әкімдігінің ғимаратының маңдайшасындағы жазба ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Елордалық әкімдік ғимаратының кіреберісіндегі жазбалар өзгерді, енді мұнда "Nur-Sultan qalasynyń ákimdigi" және "Акимат города Нұр-Сұлтан" деп жазылған.

Естеріңізге салсақ, 23 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың атауын Нұр-Сұлтан деп ауыстыру туралы жарлыққа қол қойған болатын.  Бұған дейін қала әкімі Бақыт Сұлтанов елорда тұрғындары астаналықтар болып қалатынын айтқан еді. Оның  сөзінше, қаланың маңызды нысандары - "Астана Опера", "Астана-Арена", спорт клубтары мен басқа да ғимараттардың атауы өзгермейді.

Дереккөз: tengrinews.kz

26 наурыз 2019, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.