Атырау, 22 желтоқсан 10:15
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Үкімет пен Ұлттық банк өзара іс-қимылын алғаш рет келісім түрінде рәсімдеді

2 146 рет қаралды


Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Ерболат Досаев 2019 жылға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісімге қол қойды. 

«Үкімет пен Ұлттық банктің арасындағы өзара іс-қимыл тұңғыш рет келісім ретінде рәсімделіп отыр. Бұл бірлескен жұмыстың жаңа форматы деп айтуға болады. Экономикалық өсімге жәрдемдесудің өзара іс-әрекеті белгіленді. Келісімді іске асырудың арқасында экономиканың сапалы өсімін және халықтың тұрмыс сапасын арттыру қамтамасыз етіледі», - деді Үкімет басшысы. 

Премьер-министрдің айтуынша, осы міндетті орындау мақсатында ақша-кредит, валюталық, іскерлік және макроэкономикалық саясат болжамды болу жағынан нарыққа нақты белгі беретіндігін айтты.

Дереккөз: 24.kz

26 наурыз 2019, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.