Атырау, 22 желтоқсан 10:15
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Нұр-Сұлтанда үш автобус соқтығысты: Қаза тапқандар бар

Бейнежазба
1 901 рет қаралды


Нұр-Сұлтанда Қабанбай батыр даңғылының бойында үш елордалық қоғамдық көлік соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, бір жолаушы мен бір автобустың жүргізушісі қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Астана ЛРТ" мәліметінше, 26 наурызда Қабанбай даңғылымен Ұлы Дала көшесі қиылысқан тұста жол-көлік оқиғасы болған. Онда үш автобус пен жеңіл автокөліктер соқтығысқан. Қаламаңынан жүретін № 303 автобус №12 бағытта жүретін қоғамдық көлікті соққан.  Кейінірек № 53 автобусқа және жедел жәрдем каретасына соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты салдарынан зардап шеккендер бар. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.  "Алдын ала мәлімет бойынша, жолаушылар автобусының жүргізушісі мен жолаушы қаза болды. Оқиға орнында дәрігерлер, полицейлер жұмыс істеп, задап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр", - деді Нұр-Сұлтан полиция департаменті. 


Дереккөз: tengrinews.kz


26 наурыз 2019, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.