
Әсет Исекешев жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорда.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Шешімімен Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының Атқарушы директоры болып тағайындалды", - делінген Жарлықта.
Бұған дейін Әсет Исекешевтің Президент Әкімшілігінің жетекшісі қызметінен босатылып, оның орнына Бақытжан Сағынтаевтың келгені хабарланған еді. Мұның алдында қордың атқарушы директоры қызметінде Қанат Жұмабаев болған еді. Ал Тұңғыш Президент Қорының директоры - Дариға Назарбаева.
В Атырау 0