Атырау, 22 желтоқсан 11:42
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Тоқаев бірқатар лауазым иелерін қабылдады

1 566 рет қаралды


Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты, Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа агенттіктің мемлекеттік қызмет саласындағы атқарған жұмыстары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қабылдаған шаралары туралы баяндалды.

Мемлекет басшысына агенттіктің мемлекеттік органдардағы жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстары және мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесін реформалау барысы туралы мәлімет берілді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сот жүйесін жаңғырту барысы жөнінде баяндалып, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясындағы міндеттердің орындалуы туралы есеп берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін жетілдіру жұмыстарын жалғастыруды және халықтың сот билігіне сенімін арттыруға бағытталған шаралардың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов басқарманың биылғы екі айда атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы есеп берді және Қордың даму стратегиясын жүзеге асыру аясындағы жоспарлары жөнінде баяндады.

Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының компанияларын IPO-ға шығару және Қор активтерін жекешелендіру үдерістері жөнінде мәлімделді.

 Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.

 

24 наурыз 2019, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.