Атырау, 1 наурыз 07:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44

Нұр-Сұлтан тұрғындарынан жылжымайтын мүлік құжаттарын өзгерту талап етілмейді

1 445 рет қаралды


Нұр-Сұлтан тұрғындарына астана атауының өзгеруіне байланысты жылжымайтын мүліктің құжаттарын өзгерту қажет емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігіне сілтеме жасап.

"Астана атауының өзгеруі азаматтарға жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін келесі құжаттарды - сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбастау шарты, пайдалануға қабылдау актілері және басқа да құжаттарды, сондай - ақ, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы құжаттарды - туу, қайтыс болу, неке қию/бұзу туралы куәлік және тағы басқаға ауыстыру міндеті жүктелмейді", - делінген хабарламада. 

Осылайша, құжаттарда астананың бұрынғы атауының көрсетілуі олардың жарамсыздығына әкеп соқпайды. Өз кезегінде, Әділет министрлігінің ақпараттық жүйелерінде елді мекеннің атауы Астана қаласынан Нұр-Cұлтан қаласына автомат түрде өзгертіледі. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының филиалдары, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен ұйымдар мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құжаттарды бұрынғы тәртіппен қабылдайды.

Дереккөз: tengrinews.kz

24 наурыз 2019, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.