Атырау, 23 шілде 07:30
Күндіз ашық+30, кешке +24
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 384.52  € 431.32  P 6.10

ҚР ИИДМ-де бірқатар тағайындаулар болды

22 наурыз 20:49


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде кадрлық тағайындаулар жасалды, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен. 

«Үкімет қаулыларымен: Қайырбек Өскенбаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі лауазымына тағайындалды, ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды;

Берік Қамалиев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды; 

Аманияз Ержанов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды», - делінген хабарда.

Өскенбаев 2018 жылғы қаңтардан қазіргі таңға дейін — индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болған.

«2006–2011 жылдары ҚР Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы жөніндегі комитетінің төрағасы және Қазақстан Республикасының туризм және спорт вице-министрі ретінде жұмыс істеген. 2011–2016 жылдары «20015 әскери бөлімшесі» РММ материалдық-техникалық қамсыздандырудың басты басқармасының басшысы, «ҚазМұнайГаз – Сервис» ЖШС бас директорының орынбасары, ҚР аймақтық даму бірінші вице-министрі және ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметтерін атқарған», - делінген хабарда. 

Камалиев 2018 жылдың қаңтарынан қазірге дейін «East Mar Kazakhstan» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымын атқарған.

«Түрлі жылдары ҚР Премьер-Министрі кеңесшісі, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі транспорттық инфрақұрылымды дамыту Комитетінің төрағасы болып қызмет етті. 2010 жылдың сәуірінен 2011 жылдың сәуірі аралығында - индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі. Одан соң көлік және коммуникациялар министрі болып тағайындалды. Сонымен қатар Б. Қамалиев «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы болды. 2016 жылдың 29 сәуірінен бастап «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ инфрақұрылымдық жобалар және машинажасау жөніндегі вице-президенті болды. 2017 жылы DE MONTFORT UNIVERSITY Лондон университетінде тағылымдамадан өтті», - делінген хабарда.

Ержанов 2018 жылдың маусымынан бастап ҚР қораныс және аэроарыш өнеркәсібінің вице-министрі болған. Әр жылдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасарының көмекшісі, кеңесшісі, ҚР Мемлекеттік кеден комитетінің департамент директоры, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының сектор меңгерушісі, Атырау облысы бойынша кеден басқармасының басшысы, ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 

«2005–2006 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2006–2007 жылдары — Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. 2007–2012 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары, ҚР ИЖТМ Өнеркәсіп комитетінің төрағасы. 2012 жылғы ақпан мен 2017 жылғы тамыз аралығында — ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары. 2014 жылдың тамыз айынан 2017 жылдың наурызына дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 2017 жылғы наурыз айынан бастап — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі болған», - делінген хабарда.

Дереккөз: ҚазТАГ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

721 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4

Последние новости