Атырау, 22 желтоқсан 11:48
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Берік Құрманғали Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды

1 958 рет қаралды


Берік Құрманғали Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Берік Уәлиұлы Құрманғали Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды", - делінген Мемлекет басшысының Өкімінде. 

Бұл қызметте болған Айдос Үкібайдың басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметінен босатылғаны айтылады.

Құрманғали Берік Уәлиұлы 1977 жылы туған, білімі жоғары, 1997 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «кинотанушы», 2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «журналистика»,  2014 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. 

1997-2012 жылдар аралығында «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның, «ТАҢ» телекомпаниясының, «НТК» телеарнасының, «31 канал» ЖШС-нің  журналисті, ақпараттық бағдарламаларының редакторы, «Нұр Медиа» ЖШС-нің  жемқорлыққа қарсы медиа орталығының жетекшісі, 2012-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – баспасөз қызметінің басшысы, ішкі саясат және дін істері   басқармасының басшысы, 2015-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі, 2016-2018 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

22 наурыз 2019, 13:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.