Атырау, 24 сәуір 18:23
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Бірнеше қалада адамдарды полиция ұстап әкетті

Сурет Бейнежазба
2 594 просмотра

"Шапағат" сауда орталығы маңында тұрған полиция көліктері. Астана, 22 наурыз 2019 жыл.
22 наурызда Астанада "Шапағат" сауда орталығының маңында полиция ондаған адамды ұстап әкетті. Олардың арасында "Настоящее время" телеарнасының тілшісі Светлана Глушкова да бар. Полиция адамдарды не үшін ұстап жатқандарын түсіндірмеді.


Оқиғадан тікелей эфир таратуға барған Азаттық тілшілеріне бір топ жас полицияның адамдарды ұстап жатқан сәтін түсіруге кедергі келтірді. Азаттық тілшілері сол маңда жүрген полицияға шағымданғанымен, жастарға шара қолданбады.

Жастар Азаттық тілшісіне аты-жөндерін айтпады. Бір студент "елімізде президент ауысып жатыр, біз бұл шешімді қолдаймыз" деді. Екіншісі халықты Наурыз мейрамымен құттықтағысы келетінін айтып, камера алдында тұрып алды. Араларында Азаттық операторының камерасын қолындағы қағазбен жауып, кедергі келтірген студенттер де болды.

Шапағат" сауда орталығының маңына мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл да келді. Ол полицияның адамдарды ұстауын "заңға сай" деді. Депутат "мерекені пайданалып, бір адам өзіне ұпай жинауға тырысып жатыр" деді. Смағұл ұпай жинап жатқан адамның кім екенін айтпады.


Алматыда полиция "мерекеге келген" адамды ұстап жатыр. 22 наурыз 2019 жыл.
22 наурызда  Алматы қаласында да ондаған адамды полиция ұстап әкетті. Он шақты адам қаладағы Гоголь мен Панфилов көшесінің қиылысында жиналып, наразылықтарын білдіріп тұрды. Олардың арасында елдегі соңғы саяси шешімдерге, биліктің әрекетіне, Астана атауын Нұрсұлтан деп өзгертуге қарсы пікір айтқандар бар.


Полиция жергілікті уақытпен 11.30 шамасында осы маңға жиналған ондаған адамды ұстай бастады. Полиция адамдарды не үшін ұстап жатқандарын түсіндірмеді.


Шымкентте Наурыз мерекесіне келген адамды полиция күшпен алып кетіп жатыр. Шымкент, 22наурыз, 2019 жыл.

22 наурызда Шымкентте Дендросаябаққа Наурыз мерекесіне келген төрт адамда полиция алып кетті. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.


Полиция "олар күдік тудырды" деп, жеке басын анықтау үшін қаладағы Қаратау аудандық полиция бөлімшесіне алып кетті. Ұсталғандардың бірі "ешқайда бармайтынын айтып" қарсылық білдірді. Саябақтың алдында күзет күшейген, ондаған полиция қызметкері жүр.

Дереккөз: Азаттық радиосы

22 наурыз 2019, 13:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.