Атырау, 12 қаңтар 10:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

2 339 рет қаралды


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады деп хабарлайды Ақорда.

"Құрметті қазақстандықтар!  Баршаңызды Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! 

Бәрімізді қуаныш пен сүйіспеншілік сезіміне бөлейтін бұл мереке – бейбітшілік пен жақсылықтың нышаны. Оның философиялық мәні зор және бүкіләлемдік мәдени сипаты бар.

Көне заманнан бастау алатын осынау мейрам жаңару мен жаңа өмірдің басталу сәтін сипаттайды. Наурыз – рухани бай мұрамыздың, бірегей ұлттық кодымыз бен үздіксіз ұрпақ сабақтастығының жарқын символы. Бұл мереке өмірімізге жасампаздық пен дамудың жаңа лебін әкеледі. 

Бүгінде Наурыз – ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасындағы достықты, өзара құрмет пен келісімді нығайтуға септігін тигізетін шын мәніндегі жалпыхалықтық мейрам. Оның мәңгілік мәні – ең жоғары құндылығымыз бен ортақ байлығымызды – халықтың ынтымағын бекемдеу. 

«Бірлік бар жерде, тірлік бар» дейді халық даналығы.  Әз-Наурыз әр отбасына бақ-береке әкелсін!", - делінген хабарламада. 

22 наурыз 2019, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.