Атырау, 19 наурыз 07:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +6
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

Астанадағы Наурыз тойына Елбасы мен Президент қатысты

2 181 просмотра


Ерте таңнан бері «ЭКСПО» аумағына елорда тұрғындары ағылып жатыр. Астана Наурыз мерекесін тойлауды бастап кетті. Наурыз тойына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сонымен қатар, мерекелік шараға ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин, ҚР Мемлекеттік хатшысы Бақытжан Сағынтаев, сондай-ақ Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов та келді. 

Мейрамға орай мемлекеттік органдар, елордадағы этномәдени бірлестіктердің күш салуымен ЭКСПО аумағында 17 киіз үй тігілді. Наурыз мейрамын тойлау аясында қала тұрғындары мен қонақтары ЭКСПО көрмелері кешені аумағында дәстүрлі этноауылмен қатар, бірнеше тақырыптық музей киіз үйлерді де көруіне болады, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін, театрландырылған көріністерді, айтысты, қазақ эстрадасының жұлдыздары қойған концертті тамашалайды.

Дереккөз: inform.kz

21 наурыз 2019, 12:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.