Атырау, 19 наурыз 08:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +6
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

​Отбасын Наурыз көжемен қуанту үшін едәуір шығындалуға тура келеді

2 256 просмотра


Қазақстанда жыл басынан бері азық-түлік өнімдері қымбаттаған. Демек, отбасын ұлттық тағаммен қуанту үшін қазақстандықтарға біраз шығындалуға тура келеді. Мысалы, бір келі тұздың бағасы орташа алғанда 52 теңгеге сатылуда. 

Ал ұн 3 процентке қымбаттап, 163 теңге шамасында тұрады. Ұн өнімдерінің бір келісі үшін 596 теңге төлейсіз. Бидайдың құны бір айда 5,3 процентке қымбаттаған, сатушылар келісіне 255 теңге сұрайды. Сүт өнімдеріне келер болсақ, айран 0,3 процентке қымбаттаған. Қазір бір литр сүтті шамамен 286 теңгеге аласыз. Май – 2160 теңге. Наурыз көжеге жылқы етін қосу айрықша дәм берері сөзсіз. Ақпан айында бір килограмм жылқы еті 1800 теңгеге саудаланды. 2020 жылы Түркістанға 2 млн турист келеді. Еліміздің рухани ордасына сапар шегушілер қазақтың таңғы асынан дәм алатын болады. Мәзірге сүт өнімдері, көкөністер мен кептірілген жемістер және пісірілген тағамдар кіреді. Шетелдік мейманға майсөк, сүзбе, айран, қымыз, құрт және жент, бауырсақ ұсынылады. 

йтпақшы, мамандар бұл бастама Түркістанмен шектелмейтінін айтып отыр. Осылайша, төл тағамдарымыз ұлттық брендке айналмақ. Сарапшылар қонақжайлылық пен дархан көңіл қазақтың қанына сіңген қасиет екенін алға тартып, төл болмысымызды дұрыс насихаттау керектігін айтады. Бренд демекші, америкалық Aмазонка екінші жыл қатарынан әлемдегі ең қымбат брендтер көшін бастады. Brand Finance компаниясы жариялаған рейтинг нәтижесі осындай. Оның құны бір жылда 25 проценте өсіп, 190 млрд долларға жетті. Ірі компанияда 613 мың адам жұмыс істейді. 

Ал Apple екінші орында. Жылдық құны 153,6 млрд долларды құрады. Үштікті Google компаниясы түйіндейді. Ол 142,7 млрд доллар шамасында бағаланған. Бір жылдық өсім 18 процентке тең. Microsoft компаниясының да көрсеткіші айтарлықтай. Табысы 47 процентке еселеніп, 120 млрд долларға жуықтады. Samsung болса, керісінше бір процентке төмендеп, 92 млрд долларға бағаланған. Жалпы рейтингке 500 компания қатыстырылды. Онда Америка, Германия, Қытай, Франция, Үндістан, Швеция, Жапония, Испания, т.б. елдердің аты көрсетілген. Қазақстандық компаниялар, өкінішке қарай, тізімде жоқ. Есесіне, отандық банктердің бірі осымен екінші рет Global Finance журналының шешімімен үздіктер қатарынан көрінді. 26-ншы рет ұйымдастырылған шараға 150 мемлекеттің қаржы институттары қатысқан. 

Ресейде 2050 жылдан кейін темекі өнімдері сатылмауы мүмкін. Мұндай шешім Денсаулық сақтау министрлігінің антитабак саясатына қатысты жаңа жобасында қарастырылған. Бүгінде елде жанама салықтардың артуына байланысты өнім бағасы шамамен 5 рубльге қымбаттады. Бірақ, бұл тұрақты меже емес. Бағаның артуы Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы келісімге байланысты. Олар өз салық саясаты үрдісін келісуге міндетті. Айтпақшы, өткен жылы Ресейдің Жоғарғы соты көршісінің пәтеріне зақым келтірген шылым шегушілерді жазалауға шешім қабылдаған. Бұл үшін ол айыпақы талап етуге құқылы. Осылайша, елдегі темекі шегушілердің санын азайту көзделіп отыр. 

Айта кетейін, Ресей ең көп темекі шегілетін мемлекеттер қатарында. Ал Гана, Эфиопия, Нигерия және Панама тұрғындары шылымды аз қолданады.  Қазақстан Ұлттық банкі валюта нарығындағы ахуалдың тұрақты екендігін және теңге бағамын негізсіз төмендету көзделмейтінін жеткізді. Бас банк пен екінші деңгейдегі қаржы ұйымдарында шетел валютасының қоры жеткілікті. Ұлттық банк нарықтағы ахуалды бақылап отыр. Айырбастау пункттерінде валюталарды айырбастау бағамын көтеру жағдайлары туындаса, Банк филиалдары оларды қарауға және нарықты тұрақтандыру бойынша қажетті әрекет қабылдауға дайын.

Дереккөз: 24.kz

21 наурыз 2019, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.