Атырау, 22 желтоқсан 13:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Назарбаев Тоқаевтың Президенттік қызметке қашан кірісетінін айтты

2 123 рет қаралды


Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқару туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 3-тармағына сәйкес 2019 жылғы 20 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқаруды тоқтатамын.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 48-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі қалған мерзімге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасына Қазақстан халқына ант берген сәтінен бастап көшеді.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісетін адамның Қазақстан халқына ант беру рәсімі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясымен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында 2019 жылғы 20 наурызда 12 сағат 00 минутта өткізілсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

           Президенті                                                                      Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2019 жылғы 19 наурыз

19 наурыз 2019, 19:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.