Атырау, 18 сәуір 11:23
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

ҚР Президенті өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдады

Бейнежазба
2 059 просмотра

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі Қазақстан халқына жасаған мәлімдемесінде осылай деді.

"Мен ҚР президенті ретінде өкілеттігімді тоқтатамын деп шештім. Әрине бұл оңай шешім емес. Биыл ең жоғарғы лауазымдағы міндетімді атқарып келе жатқаныма 30 жыл толады" - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі Қазақстан халқына жасаған мәлімдемесінде осылай деді.

«Халқым маған Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті болу мүмкіндігін берді. Кеңес империясы құлаған сәтте біздің саясатымыз бен экономикамыз құлдырап қалғанын білесіздер. Ел ішінде қобалжу мен түсініксіз жағдайлар орын алды. Ішкі жалпы өнім екі есеге қысқарды, азық-түлікпен тауарлардың тапшылығы сезілді. Бір мезетте ірі зауыттардың барлығы тоқтап қалды. Бұл сынақ болатын. Біз осы сынақтан өтіп, Қазақстанның даму жолына белсене кірісіп кеттік», - деді ол. 


Президенттің міндетін Сенат төрағасы Тоқаев атқарады.

Дереккөз: Ақорда

19 наурыз 2019, 18:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.