Атырау, 1 наурыз 07:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44

Су ресурстары комитетінің басшысы қамалды

1 574 рет қаралды


Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот 16 наурызда шенеунікке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. "Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Ислам Әбішевке қатысты 2 айға - 2019 жылдың 14 мамырына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", - деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметінің өкілдері. Шенеунікке қандай айыптар тағылғаны хабарланбай отыр. Айта кетейік, 15 наурызда Ислам Әбішевтің қызметтен шеттетілгені хабарланған еді.

Дереккөз: tengrinews.kz


18 наурыз 2019, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.