Атырау, 22 желтоқсан 13:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Ғизат Нұрдаулетов бас прокурор болып тағайындалды

3 177 рет қаралды


Ғ.Д. Нұрдәулетовті Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қызметіне тағайындау туралы Ақорда хабарлайды.

"Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалсын", - делінген Президент Жарлығында.

Ғизат Дәуренбекұлы еңбек жолын Алматы облысы Жамбыл ауданы прокуратурасында тергеуші болып бастаған. Мемлекеттік тергеу комитетінде 1996 - 1997 жылдары қызмет атқарған. 

1997 жылдан бастап ұлттық қауіпсіздік органдарында еңбек еткен. Сонымен қатар департамент бастығының орынбасары, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша департамент бастығы, Тергеу департаменті бастығы лауазымында болды. 

2016 жылдың қараша айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаментін басқарды. 

2017 жылы шілде айынан бастап соңғы тағайындалуына дейін ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.


18 наурыз 2019, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.