Атырау, 22 желтоқсан 16:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Самал Еслямова үздік актриса ретінде "Азия Оскарын" алды

1 061 рет қаралды


Самал Еслямова Гонконгта "Айка" картинасындағы рөлі үшін "үздік актриса" ретінде Азия киноакадемиясының (Asian Film Awards Academy) жүлдесін иеленді.

Бұл туралы фильмнің режиссері Сергей Дворцевой Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына хабарлады.

"Арыстанбек Мұхамедиұлы, кеш жарық! Біз Самал екеуміз Гонконгта жүрміз, мұнда Азия киноакадемиясы марапаттап жатыр. Самал қазір ғана "Айка" фильмі үшін "Азияның үздік актрисасы" жүлдесін алды", - деп министр Facebook-тегі парақшасында  режиссердің хабарламасын жариялады.

Министрдің айтуынша, Asian Film Awards Academy "Азия Оскары" деп аталады.

"Азия киноакадемиясы номинанттарды 11 қаңтарда таңдады. Міне – жеңіс! Бұл үлкен жетістік! Шығармашылық ұжымды шын жүректен құттықтаймын! Өте қуаныштымын!", - деп жазды Мұхамедиұлы.

Еске сала кетейік, "Айка" фильмі Канн кинофестивалінде марапатталған еді, Самал Еслямова "Үздік әйел рөлі" жүлдесіне ие болды.

Дереккөз: sputniknews.kz 

18 наурыз 2019, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.