Атырау, 22 желтоқсан 17:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

ҚР СІМ: Индонезиядағы су тасқынынан қаза болғандар арасында қазақстандықтар

1 776 рет қаралды


Индонезиядағы су тасқынынан құрбан болған және зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті. 

«Индонезияның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Джакартадағы елшілігіне ұсынған мәліметтерге сәйкес, қаза болғандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ», - деді ресми өкіл. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Индонезия шығысындағы Папуа провинциясында су тасқынынан ажал құшқандар саны 63 адамға жетті. «Құтқарушылар судан 63 адамның денесін алып шықты. Папуа провинциясында сенбі күні түнде болған тасқын салдарынан жоғалған жүздеген адам әлі де іздестіріліп жатыр», - деп хабарлады жергілікті құтқару қызметінің өкілі.  Ақпарат көзі: inform.kz

Дереккөз: inform.kz

 

17 наурыз 2019, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.