Атырау, 22 желтоқсан 14:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Екпеден кейін дертке шалдыққан: Маңғыстау дәрігерлері науқас баланың жағдайы туралы айтты

1 880 рет қаралды


Екпеден кейін басы ауырып, басылмай қойған баланы қосымша тексеруге Астанаға жібермек. Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі lada.kz басылымына хабарлады.

Маңғыстау-5 ауылында 10 жастағы баланың ауырып жатқанына бір жарым ай болған. Ата-анасының айтуынша, бұған себеп бала оқитын мектепте жүргізілген қызылшаға қарсы екпе болған екен.

Бала 29 қаңтар мен 4 ақпан аралығында облыстық балалар ауруханасында стационарлық ем қабылдайды. Алайда одан еш нәтиже шықпай, бас ауруы тоқтамаған.

28 ақпан мен 7 наурыз аралығында науқасты неврология бөліміне жатқызады. Дәрігерлер алты сағаттық электроэнцефалография жүргізіп, балаға диагноз қойыпты - симптомдық эпилепсия.

"Қазір дәрігерлер баланы үнемі бақылап отыр. Тиісті ем жүргізілуде. Өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл жайт тексеріліп, жақында анық-қанығы белгілі болады. Қазір балаға тыныштық керек", - деп атап өтті денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Баланы қосымша тексеруден өткізу үшін Астанаға жіберу жоспарланыпты.

Дереккөз:  sputniknews.kz

17 наурыз 2019, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.