Атырау, 18 қыркүйек 03:13
 дождьВ Атырау +21
$ 444.58
€ 510.29
₽ 5.27

Данияр Елеуcінов әлемдік рейтингте шарықтады

2 043 рет қаралды


Елеусінов BoxRec рейтингінде 48 сатыға көтерілді. Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов BoxRec бойынша әлемдік рейтингте позициясын жақсартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Таяуда Елеуінов сегізраундтық кездесу өткізіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша мексикалық Сильверио Ортисті жеңді.

Осы жеңістен соң Елеусінов BoxRec рейтингінде жартылай орта салмақта 185-ші орыннан 137-шіге көтерілді. Өз кезегінде, Ортис рейтингте айтарлықтай төмен түсті. Жеңілістен соң ол 314-шіден 500-шіге бір-ақ шықты.

 Елеусіновтың салмағында WBO чемпионы американдық Теренс Кроуфорд өкш бастап тұр. Қазақстандықтар арасында 101-ші орында келе жатқан Бобиржан Момынов қана Даниярдан алда келе жатыр.

Елеусінов профиде алғаш рет сәуірде өнер көрсеткен. Алты жекпе-жектің үшеуін АҚШ-та, екеуін Ұлыбританияда және біреуін Монакода өткізген.

 

17 наурыз 2019, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.