Атырау, 23 наурыз 20:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Өзбекстандағы Қазақстан жылының шаралар жоспары бекітілді

1 715 рет қаралды


Өзбекстандағы Қазақстан жылын өткізу шараларының жоспары бекітілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Өзбекстандағы меншікті тілшісі.   

Орталықазиялық І экономикалық форум аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек пен Өзбекстан Үкімет басшысының бірінші орынбасары Ачилбай Раматов екіжақты келіссөздер өткізді. Оның барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-саттықты арттыру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, су-энергетикасы, ақпарат, транзиттік-көлік салаларындағы ынтымақтастықты арттыру мәселелерін қарастырды. 

Бұдан бөлек, өңіраралық және шекарамаңы байланыстарын, мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты дамыту жайы сөз болды.   Екіжақты келіссөздер нәтижесінде тараптар Өзбекстанда өтетін Қазақстан жылы шараларын өткізу жоспарына қол қойды. 

Айта кетейік, Ташкентте 15 наурыз күні Орталық Азия елдері премьер-министрлері орынбасарларының қатысуымен Орталықазиялық Бірінші экономикалық форум өтті. Шарада сондай-ақ Орталық Азия аймағы елдерінің мүмкіндіктерін көрсететін тақырыптық презентациялар ұйымдастырылды.

Дереккөз: inform.kz

16 наурыз 2019, 13:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.