Атырау, 22 желтоқсан 14:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Данияр Елеусінов 37 жеңісі бар мексикалықты жеңді

Бейнежазба
2 344 рет қаралды


Осылайша, қазақстандық спортшы кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) АҚШ-та кәсіпқой рингте алтыншы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Отандасымыз Филадельфиядағы (АҚШ, Пенсильвания штаты) Liacouras Center аренасында өткен бокс кешінде жұдырықтасты. Елеусінов жартылай орта салмақта 36 жастағы мексикалық Сильверио Ортиспен (37-23, 18 КО) қолғап түйістірді.

Сегіз раундтық жекпе-жек соңына дейін созылды. Елеусінов қарсыласын төрешілердің шешімі бойынша ұпай санымен жеңді.

Осылайша, қазақстандық спортшы кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізіп отыр, оның үшеуі – нокаутпен. Ал Ортис үшін бұл спорттық мансабындағы 24-ші жеңіліс.

Елеусінов кәсіпқой рингке алғаш рет өткен жылдың сәуірінде шыққан болатын.

Дереккөз: sputniknews.kz

16 наурыз 2019, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.