Атырау, 17 мамыр 15:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Астанадағы жарылыс: ғимараттың жылыту жүйесінде ақау болған

Бейнежазба
2 077 просмотра



Астанада жарылыс болған екіқабатты ғимаратта құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. 

Мамандар үйінді астында қалған бір кісіні таба алмауда. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне жарылыс туралы ақпарат кешкі сағат 17:06-да келіп түскен. Ал құтқарушылар оқиға орнына 8 минуттан соң жетіпті. 

Астанадағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің біріне тиесілі ғимараттың шатыры опырылып, қабырғасы құлаған.   Жарылыстың қаншалықты жойқын болғанын жатқан үйіндіден-ақ байқауға болады. 

Оқиғаның болғанынан екі сағаттан астам уақыт өтсе де, қою, қара түтін әлі сейілер емес.

Алдын ала мәлімет бойынша, екіқабатты ғимараттың 600 шаршы метрі қызыл жалынға оранған. Ал мұндағы ондаған адам мен онға жуық техника жалғыз адамның жаны үшін күресіп жатыр. Үйіндінің астында қалған соңғы адамды іздеуге құтқарушылар 5 сағаттан астам уақыт жұмсады. Ал жарылыс кезінде ғимаратта барлығы 4 адам болыпты. Оның үшеуі бірден ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. 

Нұрділдә Ораз, ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі:

- Бірінші-екінші қабаттардағы плиталар құлап, ішінде болған адамдар, қазір 3 адам шығарылып, олар ауруханаға жеткізілді. Ол үшеудің екеуі өз бетімен шыққан. Бірақ біреуі қазір 80 пайыз жарақат алып, қазір ауруханада жатыр. Бұл іске қатысты тексеру амалдары жүріп жатыр. 

Бастапқыда хабарланғандай, оқиға орнында газ баллоны табылған жоқ. Сондықтан жарылыстың неден болғаны қазір анықталып жатыр. Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер апатқа себеп болған нұсқалардың бірі ретінде ғимаратты жылыту жүйесіндегі ақауды атады.   

Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы: 

- Ғимаратты жылыту үшін газбен жұмыс істейтін жылыту қазандықтары қолданылған. Жер асты газгольдері ғимаратқа жақын орналасқан. Алдын ала болжам бойынша, жарылысқа газ құрылғысындағы ақау себеп болған. 

Жарылыстан кейін 6 сағат өтсе де, құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметінің 20-дан астам маманы мен 10-ға жуық техника бар.


Дереккөз: 24.kz

16 наурыз 2019, 00:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.