Атырау, 17 мамыр 16:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Жомарт Ертаев Қазақстанға экстрадицияланды

1 713 просмотра


Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қызметкерлері қылмыстық жауапқа тарту үшін Ресей Федерациясынан Жомарт Ертаевты экстрадициялады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының сайты.

Оған өткен жылдың наурыз айында халықаралық іздеу жарияланды.

Ж. Ертаев 2011-2017 жылдар аралығында қызметін пайдаланып, өзге тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы «BANK RBK» АҚ-ның 144 млрд теңгесін жымқырды деген күдік келтірілді.

Сондай-ақ, Ертаевпен бірге 54 адам, соның ішінде банктің 41 топ-менеджері мен банктің қатардағы жұмысшылары – бұрын экстрадицияланған Б.Ибрагим, И.Мажинов, Д.Туғанбай, Д.Едігенев, А.Мамырбеков, Т.Шәріповтер күдіктілердің ішінде.

Тергеу барысында қабылданған шаралардың нәтижесінде 15 млрд теңге өтеліп, 48 млрд теңге мүлікке тыйым салынды.

Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар істі тергеп-тексеруді аяқтады. Процеске қатысушылар материалдармен танысып жатыр.

Ж. Ертаев Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

15 наурыз 2019, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.