Атырау, 17 мамыр 12:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

ҚР ІІМ комитеті төрағасының орынбасары қызметінен қуылды

4 041 просмотра


Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Бекболат Төремұратов қызметінен қуылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі - ресми өкіл Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, 6 наурызда Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының ведомствоаралық жедел тергеу тобы облыстық полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірге ҚР ІІМ Қылмыстық  атқару жүйесі комитетінің бірінші орынбасары Бекболат Төремұратовты ұстаған. «Аталған факті бойынша министрлікте қызметтік тексеру жүргізіліп, оның нәтижесі ІІМ  тәртіптік комиссиясының отырысында қаралды. Төремұратов  бірауыз шешіммен қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны, құқық қорғау органдарына кір келтіретін әрекет жасағаны үшін ішкі істер органдарынан шығарылды. Сонымен қатар оның тікелей бастығы Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деді Н.Ораз. 

Дереккөз: inform.kz

14 наурыз 2019, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.