Атырау, 19 наурыз 04:53
Таңертең ашық+3, күндіз +11
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 375.90  € 426.65  P 5.82

Ұлттық бюро жаңа сыбайлас жемқорлық істері туралы хабарлады

14 наурыз 14:25


Жамбыл облысы Қордай ауданында 200 мың теңге пара алды деген күдікпен прокуратура қызметкері ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары Шыңғыс Қабдула мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, прокуратура қызметкерінің сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы жеке тұлға Ұлттық бюроның Call-орталығына (1424) қоңырау шалған соң белгілі болған. 

"Call-орталық арқылы келіп түскен хабарлама бойынша Астана, Алматы, Шымкент, Алматы, Павлодар және Түркістан облыстарының мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғалары пара алу фактісі бойынша әшкереленді. 2 наурызда Бас прокуратураның ішкі тергеу департаментімен бірлескен операциялар жүргізу барысында Жамбыл облысы Қордай ауданы прокуратурасының қызметкері қылмыстық іс бойынша оң шешім шығарғаны үшін азаматтан 200 мың теңге пара алған кезде әшкереленді", - деп хабарлады брифингте Шыңғыс Қабдула. 

Оның айтуынша, 10 қаңтарда Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі № 131 мектеп директорының арыз берушіден жұмысқа орналасқаны үшін 50 мың теңге пара алғанын анықтады. "27 ақпанда Түркістан облысында Төрткөл ауылдық округі әкімдігінің қызметкері әлеуметтік жәрдемақы рәсімдегені үшін жеке тұлғадан 20 мың теңге пара алған кезде ұсталды", - деп толықтырды ол. 

Оның айтуынша, хабарламалардың көпшілігі тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа және құқық қорғау органдары мен әкімдіктердің заңсыз әрекеттеріне қатысты екен.  "Жыл басынан бері call-орталықтың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы қабылдаған хабарламалары екі еседен аса ұлғайды. 2017 жылы 35-тен 2019 жылы 808-ге дейін өсті. Егер 2018 жылдың осы кезеңінде осындай хабарламалар бойынша барлығы үш қылмыстық іс тіркелсе, биыл тоғыз қылмыстық іс болды", - деді Шыңғыс Қабдула.

Дереккөз: tengrinews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

282 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет