Атырау, 17 мамыр 12:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

"ҚазМұнайГазда" басқарма құрамы өзгерді

1 950 просмотра


2019 жылғы 7 наурызда "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ директорлар кеңесінің шешімімен басқармасының құрамы кеңейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұлттық компанияның қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап. 

Басқарманың жаңа мүшелері: 

Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Марабаев Жақып Нәсіпқалиұлы;


Басқарма төрағасының мұнай тасымалдау, халықаралық жобалар және "Сарыарқа" газ құбырын салу жөніндегі орынбасары Берлібаев Данияр Әмірбайұлы;


Сатып алу және жабдықтау жөніндегі Басқарушы директор Қайржан Есен Қайржанұлы.


2019 жылғы 6 ақпанда Компанияның Директорлар кеңесі жаңа ұйымдық құрылымды бекіткенін, соған сәйкес негізгі бизнес-бағыттарға басқару процестерінің ара жігі ажыратылып, осы бағыттарды дамыту үшін жетекшілер тағайындалғаны айтылады. "Құрылымның өзгеруі өндіріс тиімділігі мен Компанияны корпоративтік басқаруды арттыруға, шешімдердің жедел қабылдануын қамтамасыз етуге және Компанияның орталық офисі мен еншілес және тәуелді ұйымдардың арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған", - деді ҚМГ өкілдері.

Дереккөз: tengrinews.kz

14 наурыз 2019, 13:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.