Атырау, 17 мамыр 17:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Жол полицейлеріне алатаяқты қайтару ұсынылды

1 050 просмотра


Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында сенатор Георгий Ким жол полицейлеріне алатаяқты қайтару мәселесін көтерді. Осы орайда Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Аталған депутаттық сауалға сенаторлардың өңірлердегі кездесуі кезінде көтірілген мәселелер, сонымен қатар қозғалысты реттеу барысында жол-патрульдік полиция қызметкерлерін қағып кету секілді оқиғаның тіркелуі статистикасы да негіз болды. «Осыған байланысты тек жолдағы қозғалысты реттеу үшін алатаяқты (жезл) пайдалану дұрыстығын қарастыру ұсынылады», - деді Г. Ким. 

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ішкі істер органдарының қызметкерлері көліктерді тоқтату үшін арнайы таяқша қолданбай келеді. 2017 жылға дейін қолданылып келген полицейлердің алатаяқтары жинақталып, арнайы сақтау үшін қоймаларға жіберілген. Атап айтқанда, биыл көктемде ҚР Парламенті Сенатындағы парламенттік тыңдауда көше қиылысында қозғалысты реттейтін полицейлерге алатаяқтарды қайтарып беру ұсынысы айтылған еді. 

Әсіресе, бұл алатаяқтардың түнгі уақытта қажеттігі сөз болды. Сонымен қатар 2017 жылдың күзінде ҚР Ішкі істер министрлігі полицейлерге алатаяқ қайтарылмайтынын атап өтті.   

Дереккөз: inform.kz

14 наурыз 2019, 13:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.