Атырау, 17 мамыр 12:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

ІІМ басшысы полицейлердің формасы жайлы: Бір қолымен бас киімді, екіншісімен тапанша ұстайды

1 863 просмотра


Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полицейлердің қазіргі формасының ыңғайсыз екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Киім үлгісін өзгертеміз, бұл жол картасында бар. Расында да қазіргі полиция қызметкерлерінің киімі ыңғайсыз. Кеңсе қызметкерлеріне ол киім ыңғайлы, бірақ далада жүретін инспектор және патрульдік полиция қызметкерлеріне китель мен бас киім ыңғайсыз. Ол қылмыскердің артынан жүгіретін болса, бір қолымен бас киімді, екіншісімен тапанша ұстайды", - дейді министр. 

Сондай-ақ, Ерлан Тұрғымбаев қазіргі уақытта ІІМ өкілдерінің полицейлердің жалақысын өсіру мәселесін қарастырып жатқанын айтты. 2018 жылдың желтоқсан айында ІІМ өкілдері полицейлердің жаңа формасының үлгісін таныстырған болатын. Бірақ кейін ішкі істер министрі оны енгізу жұмысы кейінге қалдырылғанын айтқан еді. 

Экс-министр Қалмұханбет Қасымов та қазіргі полиция қызметкерлерінің формалары ыңғайсыз екенін айтқан болатын. "Біздің қазіргі формамыз кеңсе қызметкерлеріне арналған, бізге функционал форма керек. Жұмысқа сол ыңғайлы болады. Форма біркелкі болуы тиіс. (...), - деген еді Қасымов.

Дереккөз: tengrinews.kz

 

13 наурыз 2019, 17:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.