Атырау, 22 желтоқсан 16:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Денис Тен өлімі: Сотталған әйел түрмеде босанды

1 550 рет қаралды


Алматы қалалық соты Денис Тен ісі бойынша  апелляциялық шағымды қарап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Отырыс барысында сотталған Жанар Толыбаеваның 6 наурызда босанғаны белгілі болды. Сәбидің денсаулығында кінәрат көп. Апелляциялық отырыста жәбірленуші тарап екі өтініш айтты. 

Денис Теннің анасы сотталушылардың жазасын қатайтуды, атап айтқанда, алдын ала сөз байласу арқылы жалданып адам өлтіру бабын қолдануды сұрады. Осы мақсатта бірінші өтініш ретінде істі прокуратураға қайта жіберіп, қайта тергеуді сұрады. Сонымен қатар, жәбірленуші тарап екінші өтініш ретінде сотқа алдыңғы отырыста сұралмаған куәларды шақыруды сұрады. 

Айта кетсек, белгілі спортшы, Олимпиада жүлдегері Денис Тенді өлтірген Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаевалар 17 қаңтарда сотталған болатын. Судья екі сотталушыны 18 жылға бас бостандығынан айыру, жүкті әйел Толыбаеваны 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.   

Дереккөз: inform.kz

 

13 наурыз 2019, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.