ABAI.KZ. «Олар мәжілістегі “Халық қаһармандары”...» - Бір-екі күн өтті. Бүкіл жұрт жапатармағай жамырап жүріп 8-наурызды тойладық. Сәбеттен қалған сарқынды дегенімізбен, символикалық түрде қыз-келіншектерді марапаттадық. Мейрамдарымен құттықтадық. Осы бір мерекелік датаға орай Қазақстанның саясатындағы әйелдердің типтік образын жасау туралы ойға келдік.
«Жоғары білімнің құны қанша?» - Қазақстанның қай аймақтарында жоғары білім ең қымбатқа түседі, баланың білім алуына қорды қашан жинап бастаған дұрыс және мұны қалай жасауға болады.
CAMONITOR.KZ. «Қазақстан арамтамақтар мен популистер еліне айналып барады ма?» - Астанада Ситер отбасының бес апалы-сіңілінің өлімі билік пен қоғам арасындағы «әлеуметтік шартты» қайта қарау үшін бастау болды. Халық мемлекет жүргізіп отырған әлеуметтік саясатқа көңілі толмайтындығын білдіруде, ал мемлекет оған жаңа әлеуметтік бастамалармен (соның ішінде «Нұр Отан» съезінде аталып кеткендерімен де) жауап беруге тырысып жатыр. Бірақ бұл қайта қарау процесі абсурд театрына ұқсап, әдеттегі хайпқа, яғни жарнамалық хабарламаға айналады.
AZATTYQ.ORG. «Тыйымнан кейінгі бір жыл. ҚДТ үшін қудаланғандар» - 2018 жылы наурыздың 13-і күні Қазақстан билігі бұрынғы банкир, қазіргі биліктің қарсыласы Мұхтар Әблязов құрған тіркелмеген қозғалыстың іс-әрекетіне тыйым салды. Былтыр осы қозғалысқа қатысы бар деген күдікке ілінген бірнеше адам істі болды. Олардың екеуі сотталды.
«Пайғамбар жайлы пікір жазған өзбек шенеунігін "өлтіреміз" деп қорқытқан» - Пайғамбар туралы пікір жазып, қолданушылардың ашу-ызасына тап болған өзбек шенеунігі өміріне қауіп төнгендіктен кезектен тыс демалысқа кетуге мәжбүр болды. Азаттықтың Өзбек қызметінің хабарлауынша, Өзбекстан президенті әкімшілігі жанындағы баспасөз және ақпарат агенттігі директорының орынбасары Наргиза Рахимованың үйіне арнайы қызмет өкілдері күзет қойған.
«Ресей мен Қазақстан билігіне "жақпаған" көк шар» - Мәскеуде билік келісім берген "Еркін интернет үшін" шеруі кезінде ұсталған ондаған адамның арасында акцияға цензураға қарсы азаматтық қозғалыс символы - көк шар ұстап шыққандар болды. Қазақстанда дәл осындай жағдай былтыр байқалған: 2018 жылы наурызда Астанада кей азаматтар көшеге ұстап шыққан көк түсті шар полицияға "жақпай қалған" еді.
«Астана Шыңжаң мәселесін көтерген белсендіге қарсы шықты» - Қазақстанда "Атажұрт еріктілері" ұйымының жетекшісі Серікжан Біләштің ұсталғанын Батыс баспасөзі де жазды. Халықаралық басылымдардың пайымдауынша, Біләштің ұсталуы Қазақстан билігі өз азаматтарының құқығын емес, Қытаймен қарым-қатынасты жоғары қоятынын көрсетеді.