Атырау, 17 мамыр 15:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

"Осы әділетті ме?" Жақыпова 21 мың теңге мен қорадағы мал туралы айтты

5 195 просмотра


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова отбасының жиынтық табысын есептеген кезде жеке шаруашылықты есепке алу мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Шаруашылыққа қатысты сауалдар жиі қойылады. Негізі атаулы әлеуметтік көмек туралы заңның 7-бабында жергілікті атқарушы органдар жеке шаруашылықты кіріс деп санау-санамауды өздері шешетіні көрсетілген. Олардың сондай құқығы бар", - деді Жақыпова мәжіліс кулуарында.

Ол қазіргі таңда республикада тек бір ғана облыс қорадағы төрт түлікті есепке алмайтынын атап өтті. Алайда оның қандай өңір екенін нақтыламады.

"Алдағы уақытта бұл мәселелердің барлығы қайтадан қаралып, негізгі шешімдер қабылданады. Жұмыс жүргізіліп жатыр", - деп сендірді Жақыпова.

Қорадағы малды отбасының кірісі деп есептеу қаншалықты дұрыс деген сауалға министрдің орынбасары сиыр ұстайтын екі көршіні мысал етіп, жауап берді.

"Мәселен, екі көршіні алайық. Біреуі 20 сиыр ұстайды, балаларына етін жегізіп, сүтін ішкізіп асырап отыр. Ал қасындағы көршісі сиырлары жоқ, оны сатып алуға жағдайы да жоқ. Бірақ жәрдемақы тағайындаған кезде, екеуі де сол көмекке ілігеді. Бірнеше сиыр ұстайтын отбасы да балаларына 21 мың теңге алады, бірде-бір сиыры жоқ көршісі де дәл сондай жәрдемақы алады. Сонда айтыңызшы, осы әділетті ме?", - деді вице-министр.

Дереккөз: sputniknews.kz

12 наурыз 2019, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.