Атырау, 17 мамыр 13:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

​Арыстанбек Мұхамедиұлы: Полтаранин допинг қолданған жоқ

1 635 просмотра


Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин қан допингін қолданған жоқ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Мәдениет және спорт министрлігі  WADA-ға арнайы сұраныс жіберіп,  аталған агенттік қазақстандық спортшы тарапынан допинг қолдануға ұмтылу әрекетінің болғандығын растаған. 

«Бақытымызға орай, Полтаранин қан допингін қолданбаған. Бірақ Германияда дәрігерге барып, қан тапсырған. Бұл дәлелденген. Қазір адвокаттармен және заңгерлермен байланысып отырмыз. Спортшының кінәсі допинг пайдалану емес, оны пайдалануға әрекеттену. Бас жаттықтырушы да қан құйдырмағанын айтып отыр.  Өз қанын қабылдау болған жоқ. Австриялық полиция қызметі де ресми мәлімдеді. Біз сұраныс жіберген едік», - деді министр. 

Сонымен қатар, ол «спортқа қарсы әрекетке» баруға түбегейлі қарсы екендігін баса айтты. 

«Спорт саласындағы заңнамаға өзгертулер енгіземіз. Нормалар кім допинг қолданса соған жазаны қарастырады. Біздің ұстанымымыз айқын - допингке қарсымыз. Ол еш уақытта жақсылыққа апармайды. Медаль соңына қуу түбінде әшкере болады. Оның бізге қажеті қанша? Лондон Олимпиадасы болғанда 7 медаль алған спортшыларымызды құрметтедік. Содан кейін 4 алтын медальды қайтарып алды. Мұндай фактілердің қажеті қанша? Сондықтан заңнамамызға қатаң норма енгіземіз»,  - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

Естеріңізге салсақ, 27 ақпанда Неміс журналисті Хайо Зеппельт Твиттерінде Австрияның Зеефельде қаласында шаңғы жарысынан өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан, Австрия мен Эстония спортшылары антидопингтік ережелерді бұзды деген күдікке ілінгенін жазды. Олардың қатарында Алексей Полторанин да бар.

Дереккөз: inform.kz

12 наурыз 2019, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.