Атырау, 22 желтоқсан 16:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Қазақстан әуежайларында «Tax Free» жүйесі енгізіледі

1 950 рет қаралды


Қазақстанда 2022 жылдан «Tax Free» жүйесі енгізіледі.  Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Еуроодақ, Австралия, Таиланд, Сингапур және ТМД-ның кейбір елдері -Ресей, Беларусь, Грузияның тәжірибесі бойынша 2022 жылдан бастап елімізде «Tax Free» енгізіледі», - деді «Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жобасын таныстырған ол.

Министрдің айтуынша, осындай шараның арқасында көптеген дамыған елдер сауда айналымын ғана емес, шопинг-туристердің ағынын да ұлғайтып отыр. 

«PremierTaxFree», «GlobalBlue», «InnovaTaxfree» сияқты операторларды тарту мүмкін болатын өтеу республикалық бюджеттен  Қазақстанның тек Астана, Алматы және Шымкенттің ірі әуежайларында ғана жүзеге асырылатын болады»,-  деді Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

Tax Free - бұл шетелдік азамат сатып алған затқа салынған қосылған құн салығын қайтару жүйесі.  

Дереккөз: inform.kz

12 наурыз 2019, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.