Атырау, 17 мамыр 12:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Астанада полицейлердің көлік соңынан қуған сәті видеоға түсірілді

Бейнежазба
1 968 просмотра


Елордалық құқық қорғау органдары қызметкерлері көлік ұрлады деген күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицейлерге елордадағы аулалардың бірінде тұрақта тұрған Hyundai автокөлігінің ұрланғаны туралы хабар түскен. Жүргізушіні анықтау және ұстау үшін "Ұстау" жоспары жарияланды. "Бейнебақылау камераларының жүйесін қарау барысында жедел басқару орталығының инспекторы Мәңгілік ел көшесінде көрсетілген автокөлікті байқады. Ақпарат дереу жақын маңдағы патрульдік полиция нарядтарына берілді. Жүргізуші жасырынып, жол ережесін өрескел бұзып, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, қозғалысты жалғастырды", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі. Көлік ұрлады деген күдікті ұсталды, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 


Дереккөз: tengrinews.kz


11 наурыз 2019, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.