Атырау, 17 мамыр 12:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

ҰҚК Түркістан облысында полицейді ұстады

2 296 просмотра


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Түрікстан облыстық полиция департаменті көші-қон қызметкерін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің сайтына сілтеме жасап.

"2018 жылғы 7 желтоқсанда ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті М. Жұмаділовті Өзбекстан Республикасының азаматы үшін тұру ықтиярхатын рәсімдеуде жәрдем көрсеткені үшін 260 мың теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алу кезінде қылмыс үстінде ұстады. 2019 жылғы 25 ақпанда Мақтаарал аудандық сотының үкімімен М. Жұмаділов ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2,6 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынды", - деп хабарлады комитеттегілер.

Дереккөз: tengrinews.kz


11 наурыз 2019, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.