Атырау, 22 желтоқсан 18:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Эфиопияда апатқа ұшыраған ұшақтың ішінде қазақстандықтар болмаған - ҚР СІМ

2 166 рет қаралды


Эфиопияда апатқа ұшыраған ұшақтың ішінде қазақстандықтар болмаған. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Эфиопиядағы ұшақ апаты салдарынан 33 мемлекеттің азаматы қаза тапты. Олардың ішінде Қазақстан азаматы жоқ. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Эфиопия Президентіне көңіл айту жолдау хатын жіберді», - деді Айбек Смадияров ҚР СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында. Еске сала кетейік, Эфиопияда Ethiopian Airlines әуе компаниясының Найробиге бара жатқан ұшағы апатқа ұшырағандығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, ұшақта БҰҰ 19 қызметкері болған.

 Дереккөз: inform.kz

11 наурыз 2019, 16:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.