Атырау, 17 мамыр 16:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді

1 238 просмотра


24 наурызда Almaty Arena спорт кешенінде Қазақстан, Ресей, Африка елдері, Венесуэла, Өзбекстан, Беларусь, Грузия және басқа да мемлекеттер боксшыларының қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «SULEIMEN Promotions» промоутерлік компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бокс кешін Наурыз мерекесі тойланып жатқан уақытта өткізу жоспарланған. «Жалпы, мұнда 16 боксшының қатысуымен 8 айқас өтеді. Кештің басты титулды кездесулері - жеңіліп көрмеген  Айдос Ербосынұлы мен Нұрсұлтан Жаңабаевтың қатысуымен өтетін жекпе-жектер болмақ.  Айдос Ербосынұлы (10-0-8KO) екінші орта салмақта оңтүстікафрикалық Лукас Ндафолуммен (15-1-6КО) қолғап түйістіреді. Аталмыш кездесуде WBA INTERNATIONAL чемпиондық белбеуі тігіліп, WBC ASIA и WBO GLOBAL белбеуі қорғалмақ. Лукас Ндафолуманың лақап аты «Күйретуші». Ал Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0-4КО) WBA INTERCONTINENTAL титулы үшін Венесуэла елінің боксшысы Иван Матутемен (28-1-23 КО) шығады. 25 жастағы венесуэлалық Иван Матуте (лақап аты «Эль Демоледор») 28 айқас өткізіп, 23-ін нокаутпен аяқтаған», - делінген хабарламада. «Eye of the Tiger Management» промоутерлік компаниясының боксшысы Садриддин Ахмедов (7-0, 7 КО) WBC Asia титулы үшін шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласының кім болатыны әлі белгісіз. Басты айқастардың андеркартында Дастан Сәдуұлы, (1-0, 1 KO) Ескендір Харсан, Асхат Жантұрсынов, Диас Тастеміров (3-0, 3КО) шығады.

Дереккөз: inform.kz

11 наурыз 2019, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.